• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:20:42
Алматы
+12°

Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңартылған құрамда үкіметтің алғашқы отырысын өткізді.

Үкімет басшысы ресми сайтының мәліметінше, Әлихан Смайылов бизнес идеяларды іске асыруға арналған гранттар (400 АЕК дейін) мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту, жастар практикасына, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырған.

"Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне бір ай мерзімде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарламаның жобасын әзірлеу тапсырылды. Білім және ғылым министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін әлеуметтік қолдау шараларының тиісті пакетімен педагогтарды тарту бағдарламасын әзірлеу, беделді шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Премьер-министр мемлекеттік білім беру тапсырысы жобасында техникалық бағыттар бойынша, бірінші кезекте, батыс өңірлерде гранттар санын ұлғайту, халық тығыз қоныстанған өңір жастарының жоғары оқу орындарында білім алуы үшін нысаналы гранттар көздеу қажеттігін атап өтті" делінген ақпараттық хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: үкімет отырысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір