• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 14:58:00
Алматы
+12°

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаев бір ай бұрын "ҚазАзот" акционерлік қоғамындағы өзінің барлық акцияларын сатып жіберген. Ақпаратты компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚазАзот" АҚ жай акцияларын сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық 2021 жылғы 10 желтоқсанда өтті. Белсенді өтінімдердің көлемі 85 мың жай акцияны құрады. Берілген өтінімдер бойынша орташа алынған баға 788 858,82 теңге. Сауда-саттық қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның қарапайым акцияларының 85%-ын "Kazakhstan Petrochemicals" ЖШС сатып алды, 15%-ы бұрынғы иесі Бахаридин Аблазимовта қалды. Осылайша өз акцияларын "Joint Resources" АҚ (100% Тимур Құлыбаевқа тиесілі – ред), Дінмұхамед Ыдырысов пен Ержан Достыбаев сатты" делінген хабарламада.

Тимур Құлыбаев бүгін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кеткен. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Назарбаеваның күйеуі.

15 қаңтарда Назарбаевтың тағы екі күйеу баласы – "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметтерінен босатылған .

Димаш Досанов – Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.

Сондай-ақ бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың туысы Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір