19 Қаңтар, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министр сайты хабарлады.
"ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін, әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайтын болды" делінген хабарламада.
Қоғамда утильалым мөлшерінің жоғары болуына байланысты наразылық көп. Бұған дейін утилизациялық алымды қайта қарау бойынша петиция іске қосылған. Бүгінде оған 195 мыңнан аса адам қол қойған.
Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырған. Ашық дереккөздерде "Оператор "РОП" экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі екені айтылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір