• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:22:28
Алматы
+12°

Әкімдіктер жер беруді және берілген жердің пайдаланылуын бақылау жөніндегі функцияларынан айырылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 2014 жылдан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциялары толығымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

"Бұрын Жер қатынастары және Мемлекеттік бақылау басқармалары облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің құрамына кіріп, онда "мүдделер қақтығысы" орын алатын. Сондай-ақ жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың бір мемлекеттік органда болуына байланысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы шешімдер қабылдау тәуекелі болатын. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 наурыздағы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берген тапсырмасына сәйкес, жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды.  Комиссияның 5 отырысында 120-дан астам ұсыныс көтеріліп, жер заңнамасын жетілдіру бойынша бірқатар жүйелі ұсынымдар әзірленді. Ұсыныстардың бірі “орталық-өңір” қағидаты бойынша жерді ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылаудың бірыңғай вертикалын құру болды" делінген ақпараттық хабарламада.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 30 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Ол жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функцияларын 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық бөлімшелерін құра отырып, орталық уәкілетті органның ведомствосына беруді көздейді.

 

"Осылайша, жер беру жөніндегі функциялар әкімдіктерде қалды, ал әкімдіктердің жер беруін және меншік иелерінің/жер пайдаланушылардың жерді пайдалануын бақылау жөніндегі функциялар аумақтық департаменттерді құру арқылы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне берілді" деп жазылған хабарламада.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жер мәселесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір