• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:55:17
Алматы
+8°

Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалғаны хабарланды. Бұл туралы көптеген ақпарат ресурстары жазып жатыр. Ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Yedilov телеграм каналы қаланың жаңа әкімін мәслихат депутаттарының алдында таныстыру Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің кешігуіне байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Бұған дейін Алматы қаласын Бақытжан Сағынтаев басқарған.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған. Ол Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген. 

1997 жылы "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ басқарма төрағасы болған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, 2001 жылы Қазақстан Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы болған.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметін де атқарған.

2016 жылы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингін басқарған.

2019 жылдың 25 ақпанында Ұлттық банктің төрағасы қызметіне тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір