Фото: Kaztag.kz
Жамбыл облысы Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы стансасында вагондар рельстен шығып кетуі салдарынан бірнеше пойыз қозғалысы тоқтады. Бұл туралы Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін түскі уақытта осы учаскедегі жүк пойызының бидай тиелген 12 вагоны жолдан шығып кеткен болатын. ҚТЖ мәліметінше, апатты жағдайға ресейлік вагон бүйір рамасының сынуы себеп болған.
Оқиға салдарынан төмендегідей жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытқа тоқтатылған.
1. "Павлодар-Шымкент" қатынасындағы №45/46 пойызы;
2. №51/52 "Орал-Алматы-2" қатынасындағы пойызы;
3. "Алматы-2-Петропавл" қатынасындағы №105/106 пойызы;
4. №712/711 "Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" пойызы;
5. "Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" қатынасындағы №3/4 пойызы;
6. "Алматы-1-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" бағытындағы №9/10 пойызы.
"Сонымен қатар, пойыздардың кешігуіне байланысты, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш рейсі бойынша қайта отырғызу болмайтын вагондар жолаушыларын тасымалдауды қамтамасыз ету үшін "Шымкент-Сарыағаш" учаскесінде №501/502 "Шымкент-Сарыағаш" қатынасымен 1 Рейске қатынау ұйымдастырылды" делінген ҚТЖ таратқан ақпараттық хабарламада.
Вагондардағы бидай ауғанстанға жөнелтіліп бара жатқаны хабарланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір