• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:09:18
Алматы
+12°

Президент Қ.Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланың өтініші бойынша "қасіретті қаңтар" оқиғасы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ Бас прокуратураға болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ жүргізу жөнінде тапсырма берілгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы адам құқықтары мен бостандығының сақталуы еліміздегі барлық билік тармағы үшін басымдық саналатынына назар аударды" делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ ақпаратта президент саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға және әлеуметтік теңсіздікті сәйкестендіруге, ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған Жаңа экономикалық бағдарды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет бергені айтылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір