• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:49:59
Алматы
+12°

Саясат Нұрбек Nur Otan партиясы атынан Мәжіліс депутаты болады. Бұл туралы Nur Otan партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов хабарлады.

"Саяси кеңес бюросының қаулысы бойынша, Nur Otan партиясы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке беру туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді" делінген хабарламада.

Бүгін Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII съезінің күн тәртібі бекітіледі.

Қаңтар оқиғасынан бері мәжілістегі бірде-бір жиынға қатыспаған Дариға Назарбаева 25 ақпанда мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлап, орталық сайлау комисиясына тиісті өтініш жолдаған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Саясат Нұрбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір