• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 04:40:07
Алматы
+12°

13 ақпан күні қаңтар оқиғасының 40 күндігіне орай өткен қаралы митингке қатысқан белсенді Марат Тұрымбетов полицияға жеткізіліп, кәсіпкер Болат Әбілов полицияға шақырылды.

Белсенді Әлнұр Ильяшевтың сөзінше, Марат Тұрымбетов Түркісіб ауданы полиция басқармасына жеткізілген.

Айтуынша, белсендінің үстінен қаралы митингке қатысқаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

КазТАГ сайты саясаткер, бизнесмен Болат Әбілов полицияға шақырылғанын хабарлады.

"Мені Бостандық ауданы полиция бөліміне әкімшілік бұзушылық бойынша шақырып жатыр. 09:00-де шақыруды кейінге қалдырды" деген Болат Әбілов КазТАГ агенттігіне.

Бұған дейін 13 ақпандағы митингке қатысқан саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай әкімшілік кодекстің 488-бап 7-бөлімі (бейбіт жиын тәртібін бұзу), бойынша 15 тәулікке қамалған. "Демпартия" өкілі Абзал Достияровты да полиция шақырған. Ол Алатау ауданы полиция басқармасымен жуырда қайтыс болған қарындасының қырқын өткізгеннен кейін келетін болып келіскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір