• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:27:28
+12°

Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің баласы Қайрат Нұрқаділов әкесі дүние жимаған адам болғанын айтты.

2000 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 60 жасқа толғанда Алматы облысының әкімі болып тұрған Заманбек Нұрқаділов Назарбаевқа үлкен картина сыйлаған.

– Әкеме бір жұмыстармен келсем, көмекшісі ол кабинетінде емес, акт залда деді. Барсам үлкен көлемі 5*4 па, 6*5 пе картина тұр. Жоңғарлармен соғыс, қазақтардың жеңгені бейнеленген. Бұл не, үйге сыймайды ғой десем, "президенттің 60 жасына сыйлағалы отырмын" деп қалай жеткізерін білмей тұр екен. Контейнерге салып, көлікпен жіберейік дедім. "Жарайды" деп демалатын бөлмесіне кіріп, шәй іштік. Мен ол кезде баламын ғой "әке сен сурет беріп жатырсың, қалған әкімдер не бергелі жатыр" деп сұрадым. "Қалған облыс әкімдері ақылдасып, 1 миллион доллардан бергелі жатыр, менде ондай ақша жоқ. Оны табу үшін аудан әкімдерін, кәісіпкерлерді қысуым керек. Олай жасаған соң қалтама да салуым керек, мен олай жасамаймын, сенде болса, сенен де сұрамаймын "деді. Мен сол кезде әкімнің азаматтығына тәнті болдым, – дейді Қайрат Нұрқаділов.

Оқи отырыңыз:

♦ Қайрат Нұрқаділов әкесі "суицид жасады" дегенге келіспесе, өзін өлтіреміз деп қорқытқанын мәлімдеді

♦ "Назарбаевты мақтап, "әкем қателесті" десең, Алматы әкімі боласың" деді". Нұрқаділовтың сұхбаты

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Заманбек Нұрқаділов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір