• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 22:24:00
Алматы
+8°
Электр көліктерін шығаратын Tesla және ғарыштық SpaceX компанияларының бас атқарушы директоры Илон Маск твиттерде Ресей президенті Владимир Путинді жекпе-жекке шақырды.
 
Маск "Владимир Путинді жекпе жекке шақырамын. Төбелелесіп жеңгеніміз Украинаның тағдырын шешейік" деп жазды ол твиттер парақшасында.
 
Украин саясаткерлері ұсынысты құптап отыр. Қазіргі Киев мэрі, бұрынғы боксшы Виталий Кличко жазбаға үш қол эмодзиін жіберіп, реакция танытты.
 
Ресей президенті әлі жауап берген жоқ. Маск Украинаға басқыншылық соғыс болғанда Киевке қатты қолдау көрсетті.
 
Маскке тиесілі компаниялардың бірі "Starlink" осы айдың басында интернетке қол жеткізуді қорғауға арналған бірқатар спутниктік антенналарды Украинаға жеткізді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір