17 Наурыз, 2022 NEWS
Фотоколлаж
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалды. Бұл туралы көптеген телеграм каналдар жарыса жазып жатыр.
Ақпарат әзірге расталған да, терістелген де жоқ.
Шығыс Қазақстан облысын осы уақытқа дейін Даниал Ахметов басқарып келген. Зейнеткер шенеунік шығыстағы облысты 8 жыл бойы басқарған.
Берік Уәли 1977 жылы туған. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Таң" телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары "31 арна", "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Медиа" медиа орталығын басқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
2019 жылы 22 наурызда президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалған.
Оқи отырыңыз:
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір