1998-2003 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық журналистика мамандығын, 2015-2017 аталған оқу орнының магистратураны тәмәмдаған.
2003-2006 жылдары «Астана ақшамы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, 2006-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосында шеф-редактор, 2012-2013 жылдары ОҚО әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, 2013-2014 жылдары Республикалық «Жебе» газетінің бас редакторы, 2015-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет редакциясының шеф-редакторы, 2016-2018 жылдары «Айқын» газеті Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018-2019 жылдары Халықаралық Түркі академиясының баспасөз хатшысы болып, 2019-2020 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде әлеумет бөлімінің жетекшісі, 2020 жылдан қазіргі дейін AIQYN газеті бас редакторының орынбасары қызметінатқарды.
Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, моңғол тілін жетік біледі. Әскери сала бойынша сарапшы.
Пікір қалдыру
пікір