• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:24:43
Алматы
+12°

Сенат депутаттары әлеуметтік желілерді бұғаттауға мүмкіндік беретін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев заң жобасы қоғамда қызу талқыланғанын айта келе, заң жобасындағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысы шектеуге қатысты нормаларды алып тастады.

Депутаттар ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне балаға қатысты кибербулинг деп танылған ақпаратты жоюға ғана құзырет қалдырып, интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға қатысты өкілетін қысқартты.

Заң жобасының мәжіліс мақұлдаған редакциясында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді Қазақстанда "заңды өкілдерін" тағайындауға, сонымен қатар, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі талап еткен контентті 24 сағаттың ішінде өшіруге міндеттейтін тұс болған. Егер әлеуметтік желі уәкілетті орган талабын орындамаса, министрлік желінің "Қазақстан аумағында жұмысын шектеуге" құқылы.

Заң жобасындағы осы түзетулер медиасарапшылар арасында қызу талқыланып, олардың наразылығын тудырған. Олардың сөзінше, министрлікке беру көзделген құзырет Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төндіреді.

Аталған түзетулерді енгізумен айналысқан жұмыс тобының қатарында депутаттар Динара Закиева мен Айдос Сарым болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір