25 Сәуір, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысы бойынша департамент қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.
"Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы – мүгедек, 60-ы – зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген ақпараттық хабарламада.
Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір