• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 04:49:51
Алматы
+12°

Бас прокуратура мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің қазасын тергеуге байланысты оның ұлы Қайрат Нұрқаділовтың арызы бойынша қылмыстық іс қайта қаралмайтынын, кезіндегі тергеу әділ өткенін мәлім еткен. Бұл туралы Nege.kz басылымы хабарлады.

– Маған ресми түрде "істі қайта қарамаймыз" деген жауап келді. "Суицид жасаған, басқа деуге негіз жоқ, іс сол кезде дұрыс тергелген" деп жауап берді, – дейді Қайрат Нұрқаділов бас прокуратура жауабын келтіріп.

Енді ол журналистер арқылы қоғамнан көмек сұрайтінін жеткізді.

Бұған дейін Қайрат Нұрқаділов әкесінің қазасын қайтадан тергеу мәселесін көтеріп, бас прокуратураға арыз жазғанын мәлім еткен. Ол әкесінің өліміне қатысты ресми нұсқамен еш келіспейтінін, оның кісі қолынан қаза тапқанына сенімді екенін айтқан.

– Әкем қайтыс болғанда полиция департаменті іс қозғап, мені жәбірленуші ретінде қатыстырды. Департаментке шақырып, қылмыстық іс аяқталған соң тергеу қорытындысына өзің қол қоясың деді. Мен әкемді өлтіргенін білдім. Департаменттен шыққанымда пальто киген екі жігіт күтіп алды. Олардың жәй адам емес екенін, органда істейтінін түсіндім. Келді де "Қайрат, өзін-өзі өлтірді дегенге келісесің" деді. Келіспеймін десем, олар "сені өлтіру ас үйде ұшып жүрген шыбынды өлтіруден де оңай, сен бізге проблема емессің" деп айтты, – деп әкесінің артынан жүгіретін адам қалсын деген ниетпен, екінші жағынан бала-шағасын ойлап амалсыз келіскенін жеткізген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Заманбек Нұрқаділов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір