• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:14:52
Алматы
+8°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен ардагерлер қозғалысының 35 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы қалалық  ардагерлер Кеңесінің салтанатты пленумына қатысты. Кездесуде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, Ауған соғысына қатысушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және т.б. болды.

Өзінің сөзінде Ерболат Досаев Жеңіс күнінің біздің халқымыз үшін ерекше тарихи маңызын бар екенін атап өтті. Соғыс жылдары майданға 1,3 млн қазақстандық шақырылды. Қазақстанның 100 мыңнан астам жауынгері жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, ал 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі қалада Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерін мерекемен құттықтайтынын атапөтті.

«Өзім және менің орынбасарларым, аудан әкімдері және мәслихат депутаттары Ұлы Жеңіс күні қарсаңында әрбір ардагер мен соғыс ардагерін жеке келіп, құттықтайтын боламыз. 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақтағымерекелік іс-шараларға қатысып, Мәңгілік алаужанында батырларды еске алуға ниет білдіргенардагерлер үшін арнайы трансферт ұйымдастырылады», - деді Ерболат Досаев.

Ағымдағы жылы қала мәслихаты Алматы әкімінің ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне төлемдерді екі есе – 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ұлғайту жөніндегі ұсынысын қолдады. Оларға теңестірілген тұлғалар 100 мың теңгеден алады, соғысқа қатысушылардың отбасылары мен жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден төленеді. Барлығы 15 мыңнан астам адам мемлекеттің қаржылық қолдауына ие болады, осы мақсаттарға бюджетте 1,1 млрд теңге қарастырылған.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру және оларға қолдау көрсету жөніндегі кешенді шаралар туралы да айтып берді. Қалада 200 мыңнан астам адамға тегін әлеуметтік қызмет көрсететін тоғыз белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Келесі жылы тағы бір белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу жоспарлануда.

Кездесу барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов Алматы қаласында ардагерлер қозғалысының белсенді дамығанын айтты. Қазіргі кезде Панфилов дивизиясы, әскери-әуе күштері, ӘШҚҚ әскерлері ардагерлерінің, Ленинград блокадалары мен фашизм тұтқындарының Кеңестері жұмыс істейді. Ардагерлер ұйымдарының мүшелеріжауынгерлердің жерленген жерлерді күтіп баптайды, түрлі патриоттық акциялар өткізеді және жас ұрпақты тәрбиелеуге, оның ішінде «Шыңға өрлеу» жобасы аясында үлес қосуда. Жоба аз қамтылған отбасы балаларының тәлімгерлігіне аға буын өкілдерін кеңінен тартуда.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пленум барысында Алматы қалалық және Алмалы аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшесі Хамит Біржанов, Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы Досмұхаммед Қішібеков, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин, Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асен Беспаева сөз сөйледі. Қатысушылар ардагерлер ұйымдарының қоғамдық қызметі туралы әңгімеледі, қаланы дамыту бойынша ұсыныстарын айтты, сондай-ақ өткен жылдардағы жылы естеліктерімен бөлісті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы ардагерлер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір