• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 11:06:50
Алматы
+7°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың статусына  байланысты Конституциялық кеңеске жүгінді. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.

"Бұл жолы президент 91-бап 2-бөлігінің жаңа редакциясын ұсынды. Ол жерде конституциядан Елбасының статусы туралы норманы мүлде алып тастау көзделген" деді Мусин.

Ал сенат кеше мәжіліс мақұлдаған "Референдум туралы" Заңнан Елбасы туралы норманы алып тастап, мәжіліске қайтарды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел конституциясына Нұрсұлтан Назарбаевтың статусын бекітуге қарсылардың үлесі көп екенін атап өтті.

"Азаматтарымыз соңғы күндері конституцияға Елбасыға арналған арнайы бап енгізуге қатты қарсылық танытты. Азаматтардың бұл тілегі ескерілді. Өздеріңіз де осындай позициядасыздар ғой. 95-99 пайызыңыз шығар" деді ол журналистерге.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша құзыреттер мен кепілдіктер беретін 2000 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" конституциялық заң күшін жоятыны, тұңғыш президент мәртебесін конституцияда "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" ретінде айқындау көзделіп отырғаны хабарланған. Алайда әлеуметтік желіде көптеген адам ата заңға Н.Назарбаевты тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазуға қарсы шығатындарын жазған.

Кеше мемлекеттік хатшы Ерлан Карин аталған өзгерістерді жасаушы жұмыс тобы "тұңғыш президенттің рөлі онсыз да белгілі, оны жеке түрде конституцияға енгізу қажет емес" деп пікір білдіргендерін мәлім еткен. Конституциялық кеңес ұсыныс конституцияға қайшы келмейді деп қорытынды шығарған.

Дереккөз: КазТАГ

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев статусы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір