24 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: BBC
Ресей дипломаты "Путиннің Украинаға қарсы ашқан қанды, ақылсыз соғысына" наразылық ретінде жұмысынан кетті.
"LinkedIn" желісінде Ресейдің Женевадағы БҰҰ жанындағы миссиясында жұмыс істегенін айтқан Борис Бондарев BBC-ге өзінің шешімінен кейін Кремль оны "сатқын" деп санайтынын жеткізген.
Ол соғысты "украин және Ресей халқына қарсы қылмыс" деп сипаттады.
Әлеуметтік желіде жарияланған және басқа дипломаттармен бөліскен хатында Бондарев қызметтегі 20 жылдық мансабын аяқтауды таңдағанын айтады. Ол "бұдан былай бұл қанды, ақылсыз және мүлдем қажетсіз масқаралыққа" қатыса алмайтынын мәлем етті.
"Осы соғысты ойлағандар бір ғана нәрсені – билікте мәңгі қалуды қалайды" деп жазды ол.
"Оған қол жеткізу үшін олар қанша адам қажет болса, сонша өмірді құрбан етуге дайын. Мыңдаған орыстар мен украиндар дәл осы үшін өлді" деді ол.
Хатта оның бұрынғы жұмыс берушісі де аталып өтілген. Ол Ресей Сыртқы істер министрлігін дипломатиядан гөрі "өтірік пен өшпенділікке" көбірек мүдделі деп айыптайды.
Мәскеу дипломат мәлімдемесіне байланысты әзірге түсінік берген жоқ.
Ресей тек "арнайы әскери операция" деп атайтын соғысты сынайтын немесе одан бас тартқандарға қарсы қатаң шара қолданады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір