Оның айтуынша, президенттікке ұсынылатын кандидаттар қойылатын талаптар бойынша ұсынылып отырған заң жобасында ешқандай өзгерістер жоқ.
– Президенттікке үміткерлерге қойылатын мемлекеттік қызметте жұмыс істеуінің бес жылдық өтілінің болу талабы сақталады. Неге? Өйткені президент – дәреже бойынша ең жоғары мелекеттік қызмет атқаратын тұлға. Сондықтан, оның мемлекеттік қызметте, жүйе жұмыс істеу тәжірибесі, көзқарасы болуы керек. Президенттікке кандидаттар саяси партияның атынан ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға қатыса алады. Оның партияға мүше болуы міндетті емес, – деді вице-министр.
Пікір қалдыру
пікір