24 Маусым, 2022 NEWS
Фото: ukrinform.ru
Еуропа одағы саммиті Украина мен Молдоваға Еуро одаққа үміткер статусын беру туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель мәлім етті.
"Еуроодақ қазір ғана Украина мен Молдованы ЕО-ға үміткер статусына байланысты шешім қабылдады. Бұл – тарихи сәт. Бүгінгі күн сіздердің ЕО-ға бастар жолдағы шешуші қадам болып отыр. Владимир Зеленский мен Майя Сандуды, сондай-ақ Украина мен Молдова халқын құттықтаймын" делінген Шарль Мишельдің Twitter жазбасында.
Сондай-ақ ол Еурокеңес Грузияның еуропаға ұмтылысын мойындайтынын, бірқатар талаптар орындалған соң оған да кандидат статусын беруге әзір екенін жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір