27 Шілде, 2022 NEWS
Фото: BBC
Қазақстандықтар маймыл шешегіне қарсы вакцина алуға міндетті емес.Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маймыл шешегіне қатысты түрлі болжамдары бар. Алайда, барлық халыққа вакцина салу міндетті емес. Маймыл шешегінің таралуына қатысты қазіргі қауіп Еуропа елдеріне қатысты болып отыр. Басқа елдерде қауіп орташа және төмен. Қазақстан маймыл шешегінің таралу қаупі бойынша неғұрлым төмен елге жатады. Тек осал топтарды вакциналауға болады. Олар маймыл шешегімен ауыратын науқастарды емдеп жатқан медициналық қызметкерлер мен науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар", деді Айжан Есмағамбетова.
Вице-министр маймыл шешегіне қарсы арнайы вакцина әлемде жоқ екенін атап өтті. Тек табиғи шешекке қарсы вакцина бар. ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы осы вакцинаны егуге болады деп кеңес берген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір