• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Қараша, 00:10:44
Алматы
+12°

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті "А" есімді елордалық тұрғынды ұстағанын хабарлады.
 
"Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг "мефедрон", 1,4 кг "альфа-PVP" және 659 таблетка МДМА ("экстази" деп айтылатын) тәркіленді. Тергеу есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған" делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір