• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:32:25
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдының ісіне байланысты кей деректерді жариялады.

Антикор мәлметінше, қазіргі уақытта күтіктінің бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғасып жатыр.

"Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді. Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар, Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады. Күдікті адамдар қамауда. Тергеу жалғасып жатыр" делінген ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Гүлмира Сатыбалды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір