• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:25:40
Алматы
+12°

Синоптиктер алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде күн салқындайтынын хабарлады.

"Алдағы демалыс күндері орталығы Баренц теңізінің үстінде орналасқан циклонның терең жырасы Қазақстан аумағының батысынан шығысына қарай жылжи отырып, өз жолында жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді: елдің солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында түнгі және таңғы сағаттарда жаңбыр ылғалды қарға ұласуы мүмкін, тұман байқалады, жел күшейеді, республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Еуропа аймақтарынан келетін суық антициклон жаңа аптаның басында республиканың батысында, содан кейін солтүстігінде жауын-шашынның тоқтауына себеп болады" делінген Қазгидромет хабарламасында.

Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде - 3 градус + 5, күндіз + 3 + 13 градус аралығында болады.

Батыста түнде 1-9 градус, күндіз 15-25 градус жылы.

Оңтүстікте түнде 1-6 градус жылы, таулы аудандарда 2-7 градус нөлден төмен, күндіз 12-20 градус жылы болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір