• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 10:23:30
Алматы
+7°

Бір жылда қолданыстағы пәтер бағасы 27,1 пайызға, жаңа пәтер бағасы 16,6 пайызға қымбаттаған. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы қазанмен салыстырғанда 54,2%-ға өскен. Мұндай деректерді статистика бюросы хабарлады.

Өңірлер бойынша келер болсақ, жаңа салынған үйлер Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Өскеменде 26,3%-ға, Қостанайда 25,4%-ға қымбаттады.

Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбе (42,4%) қалаларында қатты байқалды.

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында былтырғы қазанға қарағанда баға Алматы  (89,7%), Қарағанды (64,2%), Қостанай (58,5%) қалаларында айтарлықтар көтерілген.

Қазан айындағы көрсеткішке сай, жаңа пәтерлердің орташа шаршы метрі 430 мың 669 теңгеден сатылса, қолданыстағы пәтерлершаршы метрі 484 мың 918 теңгеден саудаланған. Абаттандырылған пәтердің жалдау бір шаршы метр үшін 4870 теңгеге тең. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: пәтер жалдау баспана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір