14 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото:Tengrinews.kz
Алматыдағы студенттер сессияны ерте тапсырып, үйлеріне ертерек қайтып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки мұның себебін түсіндірді.
Комитет төрағасы журналистердің "бұл жағдай 16 желтоқсанда қаңтар оқиғасы қайталанбас үшін жасалып жатыр ма" деген сұрағына нақты жауап бермеді.
Дархан Ахмед-Зәки студенттердің ертерек сессия тапсыруын оқу бағдарламасымен және жоспарымен байланыстырды.
"Бұл оқу үрдісін ұйымдастыратын комитеттердің құзырында. Әрбір жоғары оқу орнының өз жоспары, бағдарламасы бар. Жауапты мамандар жақында мәлімет береді. Мұндай тәжірибе ковид кезінде де болды. Сұрақтарыңыз болса, жазыңыздар. Біздің комитет жауап береді" деді Дархан Ахмед-Зәки.
Алматыда 16 желтоқсан қарсаңында түрлі белсенділер халықты митингке шығуға үндеп, университет басшылығы студенттерді үйлеріне қайтару қалада болатындарға ешқайда шықпау туралы қолхат жаздырып алу дәстүрге айналып кетті. Көпшілік мұны билік Желтоқсан, Жаңаөзен оқиғалары болған 16-17 желтоқсан күндері саяси күштердің белсенділігі наразылық акцияларына айналып кетпесін деп сақтану үшін жасайды деген пікірде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір