• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 12:46:23
Алматы
+12°

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының үстінен қозғалған қылмыстық істің екі эпизоды бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

“Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді” деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Оған қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі тергелген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір