• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 10:38:39
Алматы
+35°

Статистика бюросы елде ең жиі кездесетін фамилияларды атады.

Бюро мәліметінше, Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов(а). Ол 66 091 адамда кездеседі. Рейтингтегі екінші орында Серік – 45 193. Үшінші позицияда – Омаров(а) тегі. Қазақстанда бұл фамилия 40 322 адамда бар. Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142. ТОП 5-те, сондай-ақ Әлиев(а) тегі бар, Қазақстандағы Әлиевтердің саны – 35 387.

Бұдан әрі көп таралғандардың ішінде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 фамилиялары бар.

Осыдан төрт жыл бұрын топ-5 фамилиялар тізімі төмендегідей болған:

  1. Ахметов (а) (73 627);
  2. Омаров (а) (45 123);
  3. Ким (42 274);
  4. Оспанов (а) (41 068);
  5. Иванов (а) (39 296).

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны – 19 715 782 адам.

Ал есімдер арасында ұл балаларға Әлихан, қыздарға Мәдина жиі қойылады. Танымал есімдер қатарында ұлдар арасында Алан, Омар, Алдияр, Әмір, Айсұлтан, Әли, Әлинұр есімдері, қыздар арасында Айша, Айлин, Томирис, Асылым, Сафия, Раяна, Әмина есімдері кездеседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір