Фото: Ашық дереккөз
АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері мұнай-газ саласындағы қызметкерлермен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Халықтық штаб өкілдері «ӨзенМұнайГаз» АҚ қарасты «Өзенэнергомұнай» басқармасы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Ел Президенті халыққа Жолдауында экономикамызға қажет мол қуат көлемін атом энергетикасы қамтамасыз ете алатынын сөз етті.
Халықтық штаб мүшелері АЭС қэлектр энергиясына деген сұраныстың азаюына тікелей әсер ететінін айта кетті.
Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы кезінде жаңа жұмыс орындары пайда болып, жоғары технологиялық салалардың дамуын қамтамасыз ететіні жайында айтылды.
Кездесу соңында мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлері штаб мүшелеріне сұрақтарын қойып, референдумға қатысатынын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір