26 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Судья Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша айыпталған Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамағына ауыстырды.
«М.Төребаевқа қатысты бұлтарпау шарасы үй қамақта ұстау шарасына ауыстырылды.Сот отырысы 9 қаңтар күні сағат 10:00 ге тағайындалды», - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.
Сот үкімі шыққанға дейін ол енді үйқамақта болады. Сондай-ақ Төребаевқа мекен жайын ауыстыруға, әлеуметтік желіні пайдалануға, журналистермен тілдесуге тыйым салынды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір