• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:31:53
Алматы
+7°

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше министрді қызметінен босатып, кадрлық ауыс-түйіс жасады.

Президент жарлығымен Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Серікқали Брекешов атқарған

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып Марат Қарабаев тағайындалды. Бұған дейін аталған министрлікті Қайырбек Өскенбаев басқарған.

Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылып, оның орнына "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов тағайындалды.

Бұған дейін премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметін атқарған Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Бұдан бөлек, Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін әділет министрі болып тағайындалған Серік Мусин өткен аптада бұл қызметтен босатылып, жаңадан құрылған конституциялық соттың судьясы болып тағайындалған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір