17 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Үкімет Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті. Тиісті қаулы республиканың нормативтік актілер порталына тіркелген.
Экс-президент атымен аталған степендия енді "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп аталады.
Стипендия құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір