• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 12:16:41
Алматы
+7°

18 қаңтар күні Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр. 

«Әскери қызметші 2022 жылың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы Күштер басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада. 

Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатыны хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір