Фото: Ашық дереккөз
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол отставкаға кету себебін "қызметімді жалғастыра беретін болсам, пайдамнан гөрі зиянымды тигіземін" деп түсіндірді, деп жазады BBC.
42 жастағы Ардерн премьер-министрлік болған 6 жыл өте ауыр өткенін, қызмет өзін қажытқанын жеткізді. Ол 7 ақпанға дейін Лейбористтік партиядағы орнын босатады. Жақын арада премьер-министрді тағайындау бойынша дауыс беру өтеді. Ал 14 қазанда Жаңа Зеландияда жалпы сайлау өтетін болады.
Ардерн шешімді жазғы демалыс кезінде қабылдағанын айтты.
"Қызметімді әрі қарай жалғастыру үшін күш-жігерім жетеді деп ойладым. Алайда үмітім ақталмады. Егер қызметімді жалғастыра беретін болсам, еліме зияным тиеді. Себебі менің күшім қалмады", дейді Джасинда Ардерн.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір