• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:17:03
Алматы
+35°
Орталық сайлау комиссиясы өңірлерден сайланған, сондай-ақ мемлекет басшысы тағайындаған сенат депутаттарын тіркеді.
 
Депутаттар 14 қаңтарында сайланған болатын.
 
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып төмендегі депутаттар тіркелді:
 
Абай облысынан – Қайрат Құлбайұлы Тастекеев;
 
Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов;
 
Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов;
 
Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев;
 
Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев;
 
Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов;
 
Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев;
 
Жетісу облысынан – Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;
 
Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов;
 
Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов;
 
Қостанай облысынан – Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов;
 
Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов;
 
Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров;
 
Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов;
 
Солтүстік Қазақстан облысынан – Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова;
 
Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек;
 
Ұлытау облысынан – Советбек Тұрсынұлы Медебаев;
 
Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, Андрей Иванович Лукин (шығып қалғанның орнына);
 
Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова;
 
Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.
 
Сонымен қатар 2022 жылғы маусымда өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес қазіргі уақытта парламент сенатының он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика президенті тағайындайды
 
Бұл конституциялық норма тәжірибеде алғаш рет іске асырылды. Орталық сайлау комиссиясы мемлекет басшысы тағайындаған төмендегі депутаттарды тіркеді:
 
Жақып Қажманұлы Асанов,
 
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев,
 
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп,
 
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева,
 
Асқар Оразалыұлы Шәкіров,
 
Евгений Андреевич Больгерт,
 
Закиржан Пирмухамедович Кузиев,
 
Нурия Исмагиловна Ниязова,
 
Алишер Гапиржанович Сатвалдиев,
 
Геннадий Геннадиевич Шиповских.
 
 
Тиісті қаулыларға қол қойылғаннан кейін ОСК төрағасы тіркелген депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: депутат Сенат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір