15 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына түсуге ниет білдірген саясаттанушы Санжар Боқаевтың кандидатурасын тіркеді.
"Тіркеу аяқталды. Мені басқалардан гөрі ұзағырақ тексерген сияқты. Парламент мәжілісіне кандидат куәлігін алдым", деп жазды Боқаев өзінің фейсбук парақшасына.
Саясаттанушы құжаттарын мажоритарлық тәртіп бойынша Алматы қаласынан өткізген. Депутаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Ары қарай бір ай үгіт-насихат жұмысы жүреді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызға белгіленген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір