01 Наурыз, 2023 Барлық аймақтар
Фото: tugurulhan.kz
Болат Бопайұлы 01.01.1960 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қуертіс қаласында дүниеге келген.
1967-1977 жылдары Көктоғай ауданында қазақ тілінде бастауыш, ортау және орта мектептерде оқыды.
1978 -1081 жылдары Шынжаң "Дене тəрбие саңлағы" Журналында жауапты редактор болып қызмет атқарды.
1982-1986 жылдары Күйтін қаласындағы Іле педагогикалық Институтының Қазақ тілі мен Əдебиеті Факультетінде оқып, білім толықтырды.
1986-1992 жылдары Үрімжі қалалық 36-орта мектепте Қазақ тілі мен Əдеиетінен сабақ беріп, Оқытушылық міндет атқарды. Əдебиет бөлімінің меңгерушілік міндетін қоса өтеді.
1993-1994 жылдары Шынжаң жастар-өрендер баспасында қазақ редакциясының бөлім меңгерушісі "Ғылым бұлағы" журналының жауапты редакторы болды.
1995-1998 жылдары ҚР Алматы қаласындағы КАЗМУ дың Қазақ əдебиеті мен теворясы факултетінде Аспирант болып оқыды.
1999-2004 жылдыры Қазақ радиосы шалқар бағдарламасында редақторлық міндет өтеді.
2005-2012 жылға дейін жеке шығармашылықпен шүғылданды.
2013-2018 жылдары Қазақстан телеарнасының "Айтуға Оңай" токшоуының бас кеңесшілік міндетін атқара жүріп, сценарийін жазды.
2019-2020 жылдары Алматы қалалық 107-Лессй де қазақ əдебиетінен сабақ берді. Болат Бопайұлы 11 жасында қолына қалам алып шығармалар жаза бастады. Оның ең алғашқы тырнақ алды туындысы шағын өлеңмен басталды.
1977 жылы 10 кілас біптіп кетіп бара жатқандағы "Арманым бар" өлеңі Алтай газетінде жарық көрген. Содан бастау алған шығармашылық жол тарыдайдан таудайға қарай ұлғая берді...
Болат Бопайұлы Үрімжі қаласында оқытушы бола жүріп, Қазақ тілі мен Əдебиетінен 30 дана Авторлық құқығы бар, Бастауыш, Орталау, Орта мектептерге жəне жоғары оқу орындарына арналған "Қазақ тілі мен Əдебиеті", "Əдебиет оқулығы", "Қазақ тілі оқулығы", "Оқулықтарға талдау", "Сөз саралау өнері", "Əдебиеттен жүз күндік", т.б.
Болат Бопайұлы кейінгі отыз жылда Қазақтың этнографиялық тақырбын терең қаузап 30-дан астам кітап жазды. "Қазақ кəдесі", "Қазақ мінезі", "Қазақ таныған гүлдер ", "Қазақ аспан есебі"," Қазақ түс жоруы", "Қазақ наурызнамасы", "Салт-дəстүр сөйлейді", "Бастаудан бахиға дейін", "Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Ақыт ақиқаты", "Жазу шеберлігі" ," Шетелдегі қазақ тұлғалары", " Сөз саралау өнері", " Əлдиден эфосқа дейін", "Қазақтың өлшем-мөлшер сөздері", "Қазақ жоқтау жырлары", т.б.
Болат Бопайұлы елге оралған 30 жылда мектептер, коллеждер, университеттер де Қазақ салт-дəстүр тақырыбында 2150 сағаттан артық лекция өткізген. Қазақстанда шығатын газет-журналдарда, барлық сайттарда Қазақ этнографияляқ тақырыбында жазған мыңға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген.
Болат Бопайұы Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ ұлттық Салт-дəстүр, Əдет-ғұрып Акедемиясының Акедемигі. Танымал Этнограф жазушы, Астролог, Гүлтанушы ғалым, Əдебиет сыншысы. Назарияшы, Ағартушы , ұлағатты ұстаз. Қоғам қайраткері, ҚР "Мəдениет үздігі төс белгісінің" иегері, ҚР құрметті азаматы. "Қазақ халқаралық туристік кешені" жобасының патент иесі, " Қазақ киіз үйі - ғалам мөделі" кітабының авторы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір