• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:17:42
Алматы
+12°

Маңғыстау облысы Жетібай кентінде жұмыс талап еткен 14 адам аштық жариялады. Аштық акциясы 29 наурыз күні кешке басталған.

Жетібай кеніші маңындағы жүзден астам тұрғын 28 наурыздан бері жетібайлықтарға бөлінетін жұмыс санын ұлғайтуды талап етіп наразылық жасап жатқан болатын. 

Сонымен қатар, тұрғындар президент пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа мәлімдеме жасап, мәселеге араласуды өтініп, өздерін қудаламауды да сұраған. Қолдарында оны дәлелдейтін құжаттары да бар, – деп хабарлайды Азаттық радиосы

Күндіз–түні далада қонып жатқан наразылық білдірушілер бастарына "Аштық" деген жазуы бар ақ орамал байлап алған. 

"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы 28 наурызда жолды жапқан наразылардың кесірен бірнеше жүз көлік жүре алмай қалғанын айтқан еді. Алайда аймақ билігі аштық пен наразылардың талабына түсініктеме бермеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір