03 Сәуір, 2023 NEWS
Фотоколлаж
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты өз қызметінде қалдырды.
Жарлық бойынша Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Сондай-ақ Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымында қалды. Руслан Жақсылықов бұл қызметті 2022 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді.
Еске салсақ, бұған дейін 2022 жылдан бері Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келе жатқан Әлихан Смайылов та өз қызметіне қайта тағайындалған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір