• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:39:59
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде жаңа сайланған депутаттар Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов және Мақсат толықбайдың Астана қаласында наразылық жасаған жаңаөзендіктермен сөйлескен видеосы тарады. 

Журналистің "Жаңаөзендіктер кешеден бері пикет өткізді. Неге кешеден бері келмедіңіздер? Не себепті бүгін ғана келіп отырсыздар?" деген сұрағына Ермұрат Бапи жауап берді. 

"Біз ертерек келгенде шаруа шешіліп кетер ме еді? Жаңаөзендіктердің келгенін түстен кейін ғана естідім", деді Ермұрат Бапи. 

Ал Ринат Зайытов болса "Мәселе мына жерде шешілмейді, кабинетте шешіледі, жігіттер. Негізінде кабинетте шешілуі керек. Ал талап етушілердің осы әрекеті процесті әлдеқайда жеделдетеді", деп айтты. 

Еске сала кетсек 11 сәуірде бір топ жаңаөзендіктер Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикет ұйымдастырған болатын. Олардың наразылыққа шығуына жұмыссыздық себеп болған. Наразылыққа шыққан жаңаөзендіктер түні бойы көшеде болған.  "Бералы Маңғыстау" компаниясы тендерден ұтылып, барлығы жұмыс орындарынан айырылған.

Сондай-ақ бір топ Жаңаөзендегі әкімшілік алдына жиналған бір топ тұрғындар видеоүндеу жасады. Олар Астанадағы мұнайшылардың босатылуын талап етті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір