12 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Жаңаөзендік мұнайшылар 12 сәуір күні таңғы пойызбен Маңғыстауға жол тартты.
"Келіссөз жалғасады, 10 адам қалды. Бар айта алатыным осы" – деп хабарлады наразылыққа шыққан мұнайшылар белсендісі Есенжан Ахметжан.
Жаңаөзендіктерді Маңғыстауға жіберу үшін Астана–Маңғыстау бағытында жүретін таңертеңгі пойызға үш вагон қосылған. Пойыз жергілікті уақыт бойынша сағат тоғызда Маңғыстауға жол тартты, деп хабарлады Азаттық радиосы.
“ҚазМұнайГаз” компаниясы “БерӘлі Маңғыстау Company” өкілдерімен арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. Жұмыс тобына мұнайшылар жағынан қалған 10 адам кірген. Олар мұнайшылардың талаптарын қарайды.
Еске сала кетсек 11 сәуірде бір топ жаңаөзендіктер Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикет ұйымдастырған болатын. Олардың наразылыққа шығуына жұмыссыздық себеп болған. "Бералы Маңғыстау" компаниясы тендерден ұтылып, барлығы жұмыс орындарынан айырылған мұнайшылар Энергетика министрлігінің алдына түнеген. Оларды кеше полиция бөлімшесіне алып кеткен болатын.
Сондай-ақ Жаңаөзендегі әкімшілік алдына жиналған бір топ тұрғындар видеоүндеу жасады. Олар Астанадағы мұнайшылардың босатылуын талап етті. Кейіннен мұнайшылардың босатылуын талап еткендер саны артып, әлеуметтік желіде видеоүндеулер тарап кетті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір