14 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
11 сәуірден бері үш отырыс өткізген Ұлттық компания Жаңаөзен мұнайшыларымен жүргізілген келіссөздер туралы мәлімдеме жасады.
10 мұнайшыдан құралған топ "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұру мен тендер өткізуді қайта қарауды талап еткен.
Алайда "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұруға 9 мың адам кезекте тұрғандықтан, белсенділерге ол мекемеден жұмыс табу мүмкін еместігі айтылды. Ал тендер туралы талапқа "ҚазМұнайГаз" компаниясы "3+2" схемасын ұсынған. Яғни келісімшарт бойынша үш жыл жұмыс істеп, келісімшартты тағы екі жылға созуға болады.
"ҚМГ өкілдері мұнайшылардың бұрынғы жалақысын сақтай отырып, тендер жеңіп алған компанияға жұмысқа алуға дайын екенін растады. Талқылау жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді ұлттық компания.
Келіссөзге қатысушылар тәуелсіз комиссия құрып, комиссия құрамы мемлекеттік органдармен келісімге келген соң белсенділерге нақты жауап беретініне уәде берді.
Еске сала кетейік, 11 сәуірде бір топ жаңаөзендіктер Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикет ұйымдастырған болатын. Олардың наразылыққа шығуына жұмыссыздық себеп болған. "Бералы Маңғыстау" компаниясы тендерден ұтылғандықтан, жұмыс орындарынан айырылған мұнайшылар Энергетика министрлігінің алдына түнеген. Оларды 12 сәуір күні полиция бөлімшесіне алып кеткен болатын.
Кейіннен министрлік мұнайшыларды Маңғыстауға жөнелтіп, 10 адамнан тұратын нарызылар тобы келіссөз жүргізу үшін Астанада қалған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір