28 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. 2023 жылдың 1 сәуіріндегі статистика бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда 14 417 шетел азаматы жұмыс істейді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша басшылар мен олардың орынбасарларына – 584, құрылымдық бөлімшелердің басшылығына – 3028 адам алуға рұқсат берілген. Бұлар алдыңғы санаттағы мамандарға жатады. Алайда елімізге тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігін үшінші және төртінші санаттары мамандар құрайды. Олардың жалпы саны – 8067 адам. Сондай–ақ маусымдық жұмысқа 1302 адам, корпоративтік ауысым аясында 1437 адам жұмысқа алынған. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстаннан келген.
Елдегі жалпы жұмыс саны бойынша қазір Қазақстанда 1693 жұмыс беруші 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматын жұмысқа алған, бұл жалпы қызметкерлер санының 96 пайызын құрайды.
Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек министрлігі жыл сайын шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі. 2023 жылы жалпы квота елдегі жұмыс күшінің 0,24 пайызын құраған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір