28 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазір Алматы қаласын полиция департаментінің экс–басшысынa қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Күдебаев соңғы сөзін айтты.
"Мен кінәмді мойындамаймын, өз халқыма, әйелдер мен балаларға оқ атпадым. Азаптау болған жоқ. Айтарым осы. Рақмет", – деді ол.
Азаттық радиосының хабарлауынша, үкім 28 сәуір сағат 15.00 де оқылады.
Еске сала кетейік, Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде комендант ретінде полиция департаментінің ғимаратынан кетіп, тәртіпсіздікке қатысушылардың қару ұрлауына мүмкіндік берді деп айыпталған болатын.
Ол сот отырысына келмей қашып кеткен еді. Кейін Күдебаевтің Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, Бішкектен Ыстамбұлға ұшқаны белгілі болды. Содан бері Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Кеше Бас прокурор Күдебаевтің ұсталғанын айтқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір