03 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Виктория Семёнова Astana LRT ісі бойынша айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.
LRT ЖШС басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің экс–орынбасары Қанат Сұлтанбеков жеті жылға бас бостандығынан, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Алайда айыпталушылардың екеуі де Қазақстанға экстрадициялан жоқ. Бұған дейін Арданның Түркияда, ал Сұлтанбековтің АҚШ та жасырынып жүргені белгілі болған еді.
Еске сала кетейік, Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданға LRT құрылысы кезінде 5,8 миллиардқа жуық қаражат жымқырды деген айып тағылған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір