• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:24:49
Алматы
+12°

Ішкі істер министрі 9 мамырда КСРО туын көтергендердің не үшін жазаланбағанын түсіндірді. Министр Марат Ахметжановтың айтуынша, заңда КСРО туын алып шығуға қатысты тыйым жоқ. 

"Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біз құқықтық мемлекетте тұрамыз. Сол себепті оған тыйым жоқ. Алайда олардың әрекеті қоғам наразылығын тудырғандықтан, ескерту жасалды. ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді”, – деді министр.

Ахметжановтың сөзінше, полиция қызметкерлері заң шеңберінде қолдарынан келгенді жасады. Ал мұндай әрекеттердің соңы алауыздыққа, қоғамның бөлініп-жіктелуіне апарып соқпас үшін үшін заңға өзгеріс енгізу керек дейді ведомство басшысы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір