27 Сәуір, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандықтар арасында жалған хабарламалардың таралуы тоқтамай тұр. Осы айда қызу талқыланған хабарламалар оқырман назарына ұсынамыз.
Түркістан облысындағы митингке байланысты видеохабарлама жалған болып шықты
Желіде 12-13 сәуірге қараған түні Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының бойында орналасқан ҚазМұнайГаз автожанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналды деген бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Сайрам ауданының құзыретті органдары 13.04.2023 ж. оқиға орнына түнгі сағат 04.30 шамасында полиция қызметкерлері мәліметтердің жалған болып шыққанын анықтады. Яғни, 12.04.2023 ж. автожолда автожарыс өтті", - деп хабарлады аймақ полициясы.
Қазіргі уақытта аудандық ПБ қызметкерлері жалған ақпарат таратқан азаматты анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіп жатқандарын хабарлады.
Сонымен қатар, облыс ПД-да жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту қарастырылғанын еске салып, тек қана ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.
Алаяқтар Рамазан айына байланысты Halyk Bank атынан «сыйлық» таратқан
WhatsApp әлеуметтік желісінде алаяқтар Halyk Bank атынан Рамазанға сыйлықтар ұтысына қатысуға шақырумен хабарлама жіберген.
Halyk Bank компаниясының ресми сайтында Рамазанға сыйлықтар немесе басқа да сыйақылар туралы хабарландырулар жарияланбаған. Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі банктің ресми парақшаларында да мұндай ештеңе айтылмаған.
Ақпараттық бюллетеннің өзі фишингтік схеманың барлық белгілеріне ие: ол пайдаланушыларға белгілі бір хабарландыру жібереді және белгісіз әрі қауіпті деп танылған сайтқа әкеледі. Бұрын біз осындай схемалардың қауіпі туралы айтқан болатынбыз.
Интернеттегі алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Өз сайттарының көмегімен алаяқтар мобильді банкингтен, жеке шоттардан және басқалардан логин мен парольдер сияқты пайдаланушылардың жеке ақпаратына қол жеткізе алады.
"Назарбаев Зияткерлік мектебі" емтихандарға қатысты материалдарды сату туралы ақпаратты теріске шығарды
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мектеп түлектері тапсыратын емтихандарға материалдарды сату туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ түлектері тапсыратын емтихандарға материалдарды сату туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін өткізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Оларды әзірлеу кезінде құпиялылық пен қауіпсіздік шаралары сақталады", - деп жазды Әнуар Жанғозин өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Әнуар Жанғозин азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды және алаяқтықтың кез келген түрі тоқтатылатынын айтты.
"Біз оқушыларымызды оқытуда адалдық пен ашықтықтың қатаң принциптерін ұстанамыз және алаяқтықтың кез келген түрін, соның ішінде емтихан материалдарын сатуды мүлдем құптамаймыз. Мұндай іс-әрекеттер біздің ережелерімізді елеулі бұзу ретінде қарастырылады және оқу орнынан дереу шығарылуға немесе босатылуға және кейіннен заңнамалық деңгейде жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін", - деп қорытындылады Әнуар Жанғозин.
300 мың теңге зейнетақы берілетіні жөнінде фейк хабарлама тарады
YouTube пайдаланушылары арасында 200-300 мың теңге зейнетақы, жәрдемақы және үстемеақы алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратылуда. Ол үшін алаяқтар өздері көрсеткен сайтқа кіріп, жеке деректерін қалдыруды сұрайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бейнероликте "дүйсенбіден" бастап зейнеткерлер, аз қамтылғандар және азаматтардың басқа да санаттары 300 мың теңге көлемінде арнайы жәрдемақы алатыны, ал олардың кейбіреулері 200 мың үстемеақы берілетіні айтылған. Алайда бұл хабарлама – жалған.
Таратылатын роликте жергілікті телеарналардың бірінің жаңалықтар шығарылымынан үзінді берілген. Бірақ үзінді видеодағы дауыс басқаша. Жүргізушінің нағыз дауысы мен мәтіні үлкен жәрдемақылар туралы әңгімелейтін басқа дауыспен ауыстырылғаны анықталды.
Мұндай мазмұндағы жаңалықтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ. Сонымен қатар, хабарландыру мәтінінің өзі күмән тудырады. Біріншіден, "осы дүйсенбіден бастап" деген сөзде ешқандай нақтылық жоқ әрі сенімсіз көрінеді. Диктор нақты күнді атамаған, демек, бұл ақпараттың жалған болу ықтималдылығын арттырады.
Екіншіден, жаңа, ұлғайтылған төлем тағайындалған азаматтардың санаттарын тізімдей отырып, зейнеткерлерді, кедейлерді тізімдеп шыққан. Бұл тұжырым дәл емес әрі азаматтардың жаңылысуына себеп болады.
Бұл жарнамалық бейненің мақсаты – көрерменнің мазмұны қандай да бір төлемдерге қатысы жоқ үшінші тарап сайтына өткізу.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір