• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:56:08
Алматы
+12°

СҚО–да қазақ тілінде білім алатын оқушылар саны орысша оқитындардан 4 есе аз. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы мәлімдеді.

Депутаттың дерегінше, Солтүстік Қазақстан облысында 454 мектеп бар:

112 – қазақ мектебі

246 – орыс мектебі

96 – аралас мектеп

"Солтүстік Қазақстан облысында 72360 оқушы бар. Оның ішінде тек 18447 оқушы қазақ тілінде білім алады" – деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Еске сала кетейік, соңғы уақытта СҚО–да бір топ адам сепаратистік әркетпен де көзге түскен болатын. Жуырда Петропавлда бір топ орыс тілді қазақстандықтар өздерін "Қазақстаннан тәуелсізбіз" деп жариялаған болатын. Жүргізілген сараптама нәтижесінде олардың сөздерінде "Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау" белгілері бар екені анықталған еді.

 

Дереккөз: Ulysmedia.kz

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сқо мектеп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір