• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 22:20:59
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрі болып тұрған кездегі заң бұзушылықтарды тексере бастаған, деп хабарлайды КазТАГ. 

"Антикор Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігі болып тұрған кездегі заңсыздықтарды тексеріп, назар аудара бастады. Қазір 2022 жылы "Еуразия" халықаралық кинофестиваліне қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізуде", - деп жазады дереккөз. 

Аталған ақпаратқа қатысты редакция сауалына Антикор қысқа жауап қайырған. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеп жатыр", делінген Антикор жауабында. 

Еске салсақ, Дәурен Абаев 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Биылғы жылдың науырызынан бастап ТМД Бас хатшысының орынбасары лауазымында. Қазір Д.Абаев қызмет бабына байланысты Беларусь астанасы Минскіде тұрады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дәурен Абаев Антикор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір